Өңірде туристтерге арналған мобильді қосымша іске қосылды. «Visit Atyrau» қосымшасы ең бірінші саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, ұялы бағдарлама арқылы туристер сенімді маршруттармен танысып, онлайн гид қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ, әуе билеттері мен қонақ үйлерді брондауға да болады.