Атырауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов іс-сапармен арнайы келді. Халық қалаулысы туған өлкесіне ат басын тіреп, сан саланың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлермен жүздесті. Шара ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтың бастамасымен қолға алынды.