Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген ауқымды сұхбатында өткен жылы халық арасында қызу талқыға түскен жаңа Салық кодексі жайлы маңызды мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы "салық реформасы" өзекті мәселе екенін және бұған қатысты пікірталастардың болуы әбден түсінікті екенін жасырмады. Дегенмен, оның айтуынша, ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ.
САЛЫҚ РЕФОРМАСЫ – ТҰРАҚТЫ ӨСІМНІҢ НЕГІЗІ