№5 қалалық емханада 28 фельдшер бар. Олардың арасында тәжірибесі мол фельдшерлермен қатар, жас мамандар да аз емес. Өз ісіне шынайы жанашырлықпен қарайтын жас мамандардың бірі – Мейірман Құсайын. Ол медицина қызметкері үшін ең бастысы тек денсаулығын сақтау емес, әрбір адамның психологиялық жағдайын түсіне білу екенін іс жүзінде дәлелдеді.