Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында стратегиялық жоспарларының ішінде ядролық энергетиканы дамыту мен жол-көлік оқиғаларын азайту мәселелерін ерекше атап өтті. Ол сенімді энергия көзі болмаса, еліміз озық экономиканың жаңа үлгісіне көше алмайтынын түсіну қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етудің маңыздылығына да назар аударды.