Қазақстандағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік нөмірін еркін таңдау қызметінің енгізілуіне байланысты сұраныс артты. Көлігіне таңдаған нөмірін таққысы келетін жандар көп.

Соңғы екі күнде 400 Атыраулық өзі қалаған көлік нөміріне өтінім берген. Әсіресе, өз туған күндері немесе есімдеріндегі әріптерді таңдауда.