Жангелдин ауылында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Жақындары мен көршілері олардан үш айдан бері хабар ала алмай отыр. Ауыл тұрғындарының сөзінше, үй-жайларын дәл сол күйінде тастап кеткен жанұя «дәрігерге қаралу үшін» кетіпті. Бір отбасының түгел жоғалып, куәгерлер мен бейнежазбалардың болмауы өңір халқын алаңдатып отыр. Полиция департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 99-шы бабы бойынша із қозғап, тергеуді бастады.