Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрландыру саласына басымдық берілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында елді үш жылдың ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін атап өтті. Сонымен қатар, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады.