Жыл соңына таяған сайын әр шаңырақта ерекше қарбалас басталады. Бірі шыршасын безендіріп, мерекелік көңіл күй қалыптастырса, енді бірі жаңа жылдық дастарханын әзірлеуге кіріседі. Ал кей отбасылар үшін бұл күн – ең алдымен жақындармен бас қосып, береке мен бірлікті бөлісетін ерекше сәт.