Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастамасымен журналистерге арналған баспасөз туры ұйымдастырылып, қала аумағындағы бірқатар сауда нүктелерінің жұмысы таныстырылды.