Ойынқұмарлық пен лудомания – жастардың тағдырына балта шауып, қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті дерт. Тойтарысқа тосқауыл үшін құзырлы орган өкілдері барлық білім беру ұйымдарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұндағы басты мақсат -өскелең ұрпақтың заң мен тәртіпті сақтай отырып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал ету дейді, ұйымдастырушылар.