Төтеншеліктер қауіптің алдын алу жұмысын күшейтіп жатыр.Қыс айларында өрттің шығу себептерінің басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде қолданылатын пештер мен газ қондырғыларынан болады. Тағы бір фактор - мұржаның уақытылы тазармауы, ақаулы жылыту құрылғыларын пайдалану, ескі сымдар мен тұрмыстық техниканың дұрыс қосылмауы. Айтып келмейтін апатқа тосқауыл қою үшін мамандар үй-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын күшейтті.