Құлсары қаласында “Зейін-Атырау” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және “Теңізшевройл” компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатқан “Qadam” әлеуметтік жобасы аясында “Дәстүр мен даму: қазіргі қоғамдағы әйел рөлі” атты форум өтті. Шараға 100-ге жуық нәзік жанды қатысып, қоғамдағы әйелдің орны, заманауи даму мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.