Төтенше жағдай қызметінің техникалары қысқы маусымға сақадай сай. Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының теңгерімінде бүгінде 245 бірлік арнайы техника бар. Бұл көрсеткіш өңірдегі төтенше жағдайлар қызметінің кез келген уақытта жедел әрекет етуге және табиғи әрі техногендік сипаттағы апаттардың, тұрмыстық жағдайлардағы төтенше оқиғалардың алдын алуға толық дайын екенін білдіреді. Қазіргі уақытта департамент бөлімшелерінде тұрған барлық техника мен жабдықтарға маусымдық техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тексеру жұмыстары толық жүргізілді.