Шекара қызметі – ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғайтын, түрлі төтенше жағдайлардан сақтайтын нағыз бірліктің символы. Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті 95 жас сарбазбен толықты. Жастар Отан алдында абыройлы әрі қалтқысыз қызмет етуге ант берді.