Өңірде кіші және орта кәсіпкерлік саласында оң динамика байқалады. Бүгінде 68 225 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 63 471-і белсенді түрде жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіштер облыстағы бизнес саласының тұрақтылығын және кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары деңгейін айғақтайды.