Шаһарда Орталық Азияның ең мықты киберспортшыларын біріктірген «Atyrau Cybercup 2025» атты алғашқы халықаралық турнир басталды. Турнир Қазақстан Киберспорт федерациясы мен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар қатысушылар мен көрермендерге арналған арнайы алаң, қажетті инфрақұрылым мен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз еткен.