Атыраулық педагогтар жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізуді үйреніп жатыр. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған форумға 1700-ден астам мұғалім қатысты. Бұл шара – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу жөніндегі тапсырмаларының нақты жүзеге асуы болып табылады.