Өңірдегі экологиялық жағдай өзекті мәселелердің бірі. Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында экологиялық жағдайды жақсарту мәселесін қаралды. Жиын барысында 2025–2027 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспарланған іс-шаралар таныстырылып, кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Олар ауа сапасын бақылау, өндірістік қалдықтарды басқару, су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ жасыл желектерді көбейту сияқты негізгі бағыттарды қамтитын кешенді шараларды қолдау қажеттігін атап өтті.