99245 әскери бөлімінің арнайы базасында облыс бойынша запастағы әскери қызметкерлерге арналған оқу-жаттығу жиыны басталды. Он күнге жоспарланған шара барысында қатысушылар түрлі әскери дайындықтан өтуде. Жиын бағдарламасына атыс қаруларымен жұмыс істеу, тактикалық машықтарды жетілдіру, ұрыс техникасын меңгеру және психологиялық тұрақтылықты арттыру бағытындағы жаттығулар енгізілген.