Аймақта инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Білікті мамандар енді дамуында тежеу бар балалармен жұмыс істейді. Жалпы өңірде 7914 ерекше бала болса, олардың 2507-сі мектепке дейінгі жаста. Білім басқармасы мамандарының айтуынша, енді жыл сайын өзге де балабақшаларда осындай кабинеттердің санын көбейтуді жоспарлап отыр.