Өңірімізде жаңа оқу жылында су жаңа мектеп қолданысқа берілді. Ғимарат жалпы 600 орынға есептелсе, қазір мұнда 270 оқушы білім алып жатыр. Оқу ордасы Талғайран елді-мекенінде орналасқан. Арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов шәкірттер мен мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.