Төтеншеліктер табиғаттағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алды. Бұл өз кезегінде демалушылардың өміріне қауіп төнбес үшін жасалып жатқан шара. Жыл басынан бері мобильді топтар он мыңнан аса тексеріс жүргізді. Осылайша, 563 адам жауапқа тартылып, 87-сіне айыппұл салынған.