Жаңаталап ауылында спорт кешені ел игілігіне берілді. 160 орындық нысанда жас спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Енді спортшылар бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануына жол ашпақ. Жоба құны 1 миллиард 600 миллион теңге. Жаңа ғимаратқа ірі мұнай компаниясы қолдау танытқан.