Атырауда «КаспийМегаСтрой» компаниясының екінші нүктесі ашылды. Жаңа цех жеңіл болаттан жасалған жұқа қабырғалы құрылымдарды өндіруге бағытталған. 2012 жылы құрылған компания бүгінде еліміздің ірі жобаларына қатысып, сенімді серіктес атанды. Енді өндірісін кеңейтіп, аймақ экономикасына жаңа серпін беруді көздеп отыр.