Елімізде жаңа автокөлік бағасы бір жыл ішінде 21,3 пайызға қымбаттады. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең жоғары өсім. Мамандар мұны импортқа тәуелділік пен валюта бағамының құбылуымен байланыстырады. Ал жүрілген көліктердің бағасы керісінше, сәл төмендеген. Соған қарамастан, қазақстандықтардың жаңа көліктерге сұранысы жоғары.