Чикунгунья вирусы Қазақстанда таралуы мүмкін бе? Бұл сауалға нақты жауап жоқ. Дегенмен, мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады. Әсіресе, тропикалық елдерге саяхаттауға барғанда сақ болған жөн. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері әлемде чикунгунья қызбасын 240 мың адам жұқтырса, 90 адам қайтыс болған. Бұл індет Америка, Африка, Азия және Еуропа мемлекеттерінде өршіп тұр.