Жыр болған Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тас жолының мәселесі - жылдар бойы жалғасып келе жатқан тақырып. Шенеуніктердің айтуынша, 2026 жылы тас жолдың қала аумағына қарасты 11,4 шақырымы реконструкцияланып тапсырылмақ. Жыл басынан бері республикалық маңызы бар жолдардан 170 сынама алынған. Жауапты мамандардың сөзінше, анықталған ақаулар жойылмай, жол тапсырылмайды.