Биылдан бастап тамыз айының алғашқы жексенбісі - «Теміржол қызметкерлері» мерекесі ретінде ресми түрде аталып өтеді. Осыған орай өңірде шойын жол саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген мамандарға ерекше құрмет көрсетілді. Кәсібіне адал, жауапкершілігі жоғары теміржолшылардың еңбегі – ел экономикасының күретамыры саналатын саланың тұрақты жұмыс істеуінің кепілі. Бұл күн – олардың жанкешті қызметіне деген қоғамның алғысы мен құрметінің айғағы.