Көпжылдық үзілістен кейін елімізде Теміржол көлігі қызметкерлері күні бөлек атап өтіледі. Биылдан бастап мереке тамыздың бірінші жексенбісінде тойланады. Осыған дейін сала өкілдері Көлік қызметкерлері күнін атап өтетін.Ардагерлердің бастамасымен енгізілген бұл өзгеріс сала мамандарына көрсетілген құрметтің белгісі. Бүгінде шойын жол саласында ел бойынша 110 мың қызметкер білек сыбана қызмет етіп келеді. Бұл елдің логистикалық әлеуетінің қарымын ашып, халықтың әл ауқатын арттыратын бірегей кәсіп болып табылады.