Атырау Жастар театры белгілі публицист, жазушы Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» шығармасын сахналайды. Туынды драма-фэнтези жанрында көрермен назарына ұсынылмақ. Премьера 11, 12 және 17 сәуір күндері өтеді. Театрдың көркемдік жетекшісі бұл қойылымның жас көрермен үшін маңызы зор екенін айтты.