Атыраулық Ақжан Нұрғазиева жалғыз ұлын әбден қорлаған жекеменшік бөбекжай басшылығынан бастап жазалануы тиіс деп санайды. Анасының айтуынша, екі жастағы Сұлтанды тәрбиешілері қолын жарақаттап, денесін күйдірген. Бірақ, полиция балабақша тәрбиешісінің ісін дәлелдеген жоқ. Естеріңізге сала өтейік, оқиға былтыр тамыз айында болған. Бірақ, содан бері тергеу ісі себепсіз тоқтап қалған.