Бүгін- халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Қазақстанда 25 мыңнан аса тарихи-мәдени мұра бар. Оның ішінде 10 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде, 12 мыңнан аса көне мұра республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие. Атаулы күнге орай, «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының жанындағы мамандар мен саясаттанушы Сайполла Сапанов студенттермен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бүгінде тарихи-мәдени мұраларды қорғау, дәріптеу арқылы тарихи сана-сезімді жаңғыртуға ерекше назар аударылып келеді. Бұл жұмыстар партияның тұғырнамасы мен Сайлауалды бағдарламасында негізгі басымдық ретінде көрсетілген. Соңғы екі жылдықта облыс әкімдігінің қолдауымен 448 тарихи-мәдени мұра объектілеріне сараптама жүргізілді. Оның қорытындысына сәйкес 189 ескерткіш оң нәтиже көрсеткен.