"Жасөспірім" республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында студенттер мен полиция өкілдері кездесті. Басқосуда полицейлер заң мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы баяндады. Әсіресе, түнде көшеде жүру ережелері туралы ескертулер айтты. Полицейлер кешкі сағат 11-ден таңғы 6-ға дейін жасөспірімдерге көшеде ересектерсіз жүруге тыйым салынатынын жеткізді. Бұл ереже жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін енгізілген. Сонымен қатар, полицейлер жасөспірімдер жасаған қылмыстарға қатысты мәселелерді талқылап, заң бұзушылықтың салдары туралы айтты. Сонымен катар, қоғамдық тәртіпті сақтап, ескеруге және жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды