Елімізде ғана емес, әлемде де алтын бағасы қымбаттап жатыр. Қазір асыл металдың унциясы 3 280 доллардан асқан. Экономистер «Алтын – инвесторлар үшін әлі де қауіпсіз актив», - дейді. Оның бағасы жыл басынан бері 18 пайызға өсті. Шетелдік сарапшылардың болжамы бойынша құнды метал жыл аяғына қарай 3 300 долларға қымбаттауы мүмкін.