Атырауда өнер сүйер қауымға ерекше рухани сый тартылды. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында “Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің “Көне мен Жаңа” атты авторлық концерті өтті. Кеште ұлттық өнердің мәйегіндей дәстүрлі әндер жаңаша бағытта шырқалды.