Қазақ даласындағы Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу хикаясы – мәңгілік махаббаттың символына айналған, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен таза сезімнің өнегесі. Осыған орай, 2011 жылы елімізде 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні ретінде белгіленген еді. Бұл атаулы күнді атап өтуші жастар қатары да көбейді.