Мұқыр ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы 8 жылдан бері тоқтап тұр. Жауапты мамандар ауданға арнайы барып, құрылыс нысанының жай-күйімен танысты. Бұдан бөлек, Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.