Атыраудың топырағы кез-келген гүл мен талды өсіруге бейімді. Тек оның бабын білетін мамандар болса болғаны. Алайда, ол салада қызмет ететіндер қатары санаулы. Бұл-атыраулық орманшы Мәди Есқалиевтің пікірі. 10 жылдан бері шаһарды аббаттандыруға үлес қосып жүрген табиғат жанашырымен әріптесім Нұргүл Сағындыққызы тілдесті.