Құрманғазы ауданында кене қаптап, салдарынан киік қырылып жатыр. Әсіресе Азғыр, Асан, Сүйіндік елдімекенінде зиянкес шамадан тыс көбейген. Қазір жазық далада жануарлардың өлекселері жатыр. Шаруалар дабыл қақты. Олар қансорғышпен өз бетінше күресіп әлек. Ал жергілікті билік өкілдері кене шағуынан нақты қанша киік қырылғанын анықтап жатқанын айтады.