Соңғы жылдары республика аумағында жол-көлік оқиғалар дерегі көбейген. Сәйкесінше, қаза болғандарының саны артты. Полиция қызметкерлерімен барлық профилактикалық жұмыстар атқарылғанымен, тәртіп сақшылары жоқ жерде жүргізушілер жол жүрісі ережелерін өрескел бұзады. Осыған байланысты, Атырау облысы полиция департаментінің бастамасымен Telegram желісінде «Белсенді азаматтар-06» чаты ашылды.

Қазіргі таңда, чат ашылғалы тек жол қозғалысы саласында ғана емес, басқа да құқық бұзушылықтар

салынуда. «Белсенді азаматтар-06» чатының қатысушылар саны 24500-ден асады, 6000-ға жуық хабарлама түсті. Оның ішінде, «Таза қазақстан» акциясы бойынша 150, жалдамалы пәтерлер 15, есірткі жарнамалаған нарко-графиттилер бойынша 50, есірткі тасымалдаушылар 1 және нөлдік төзімділік қағидасы бойынша 200-ден астам хабарламалар түсті. Сонымен қатар, 4000-ға жуық жол қауіпсіздік саласы және 800-ге жуық құқық бұзушылық қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша түсіп, одан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерін қалыпқа келтіру, қолдан жасалған жол кедергілер секілді өзге де 600-ден астам ұсыныстар тиісті органдарға жолданып, дер кезінде шарасы алынған.