Қара алтын өндірісіндегі дәстүрлі қызметкерлер әлбетте ер адамдар. Дегенмен, ерлермен иық тіресе жүріп, күрделі жабдықтардың жұмысын бақылайтын нәзік жандылар да аз емес. 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында біздің түсірілім тобы ауыр әрі қиын мамандықты меңгерген арулардың күнделікті жұмысымен танысып қайтқан еді. Сюжетке назар салайық.