Қазір елімізде мектеп оқушылары арасында буллинг көбейіп барады. Әлімжеттік көрсету, ұрып-соғу, кемсіту мұның бәрі қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Балалардың құқығы қалай қорғалып жүр? Соның ішінде ерекше балалардың құқығы қалай қорғалады? Бұл мәселе «Аманат» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықтың әлуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтың кеңес отырысында қаралды.