IREPUBLIC командасы полиция қызметкерлерімен бірге нәзік жандыларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Олар шаһар көшелерінің тазалығына жауапты жандар, жұмысшы әйелдерге әртүрлі сыйлықтар мен гүл шоқтарын тарту етті. Мұндай тосынсый тұрғындардың жүздеріне мерекелік көңіл-күй ұялатты.