Атырау іргесіндегі Талдыкөл тұрғындары биліктен көмек сұрап отыр. Өйткені, көктемгі су тасқыны кезінде кірме жолдың тас-талқаны шыққан. Қазір жұрт өз күштерімен амалсыз құм топырақ төсеп әлек. Алайда, ол жаңбырға шыдас берер емес. Сондықтан, халық мәселеге шененуніктердің араласын қалайды.