Ерлермен иық тіресіп жүрген қыз-келіншектер сан салада жүр. Олар нағыз жаужүрек жандар. Бүгінгі кейіпкерлеріміз төтенше жағдайлар департаментінің қос арулары. Бірі диспетчер болса,енді бірі бұл салаға әке ізін жалғап келген нағыз батыр әйел. Мереке қарсаңында әріптесім Нұргүл Сағындыққызы қызығы мен қиындығы қатар жүретін сала мамандарымен сұхбаттасып келді.