Көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың қазақ әдебиетінің дамуындағы рөлі айрықша. Жас ұрпақтың қызығушылығын ояту мақсатында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен жас ғалымдар мен әдебиеттанушылар, жазушылар және журналистер ат арытып келген. Конференция Рахымжан Отарбаевтың қазіргі қазақ әдебиетін дамытудағы рөлін талқылап, оның шығармаларын терең талдауға арналған маңызды алаң болды.