Өңірдегі дәл қазіргі ауа райы қытымыр қыстың соңғы тұяқ серпуі шығар. Қала орталығының ақ мамыққа оранғанына бүгін 1 аптадан асты. Осы орайда шахар тазалығыда басты назарда. Күн түн демей еңбектеніп Атырау шаһарының тазалығына ерекше мән беріп жүрген жан бүгінгі эфиріміздің басты кейіпкері. Жылдың 4 мезгілінде қолына күрек пен сыпыртқы ұстап көше тазалайтын қызметкерлерді қайырымдылықтың прототипі деп білдік. Қайырымы мол іске белсене кіріскен жан туралы келесі бейнесюжетте.