Аймақта білім беру мекемелеріндегі кадр мәселесін шешуге көп көңіл бөлініп келеді. Мәселен, жаңа оқу жылында 400-ден аса маман тұрақты жұмысқа орналасқан. Жалпы өзге өңірлерден білікті мамандарды тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Әрі мұғалімдерге әлеуметтік көмек те көрсетілуде.