"КІТАП ОҚЫ" АРТ-НЫСАНЫ АШЫЛДЫ
Абай орталығында “Кітап оқы” арт нысаны пайда болды. Өңірлік еріктілер тобының ұйымдастыруымен орнатылған композиция Абай ескерткішінің оң қапталына қойылған. Ашылу салтанатында қала тұрғындары мен ерікті жастар төбе көрсетті.